К.Мәсімов жетекші әлемдік компаниялардың басшыларымен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі ауқымында Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов жетекші әлемдік компаниялардың басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлады www.primeminister.kz.
None
None

Атап айтқанда, Үкімет басшысы мұнай-газ, кен өндіру, фармацевтік секторлар компанияларының, сондай-ақ консалтингтік фирмалар мен қаржылық институттардың өкілдерімен кездесті.

Келіссөздер барысында тараптар инвестициялық ахуалды жақсарту, Қазақстанда бірлескен жобаларды жүзеге асыру, «Астана» халықаралық қаржы орталығы құрылуы ауқымында өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады, елдегі және әлемдегі ағымдағы экономикалық жағдай жөнінде пікір алысты.

Кездесулер қорытындыларымен сұхбаттасушылар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге әзір екендіктерін білдірді.

Соңғы жаңалықтар