К.Мәсімовке, Қ.Келімбетовке 1 айдың ішінде бизнеске, іскер адамдарға толық еркіндік беретін шешімді қабылдауға жеке тапсырма беремін - Н.Назарбаев

АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Үкімет басшысы мен Экономикалық даму және сауда министріне 1 айдың ішінде бизнеске, іскер адамдарға толық еркіндік беретін шешімді қабылдауды тапсырды.
None
None

Бұл тапсырманы Мемлекет басшысы бүгін ҚР Үкіметінің кеңейтілген мәжілісінде берді.

Елбасының пайымдауынша, мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметінің тізбесін қысқарту және тексерулерді оңтайландыру керек. Барлық дамыған елдерде азаматтық заңнама «Шектеу қойылмағанның барлығына рұқсат етілген» ұстанымы негізінде жұмыс істейді. Ал бізде шектеу қойылғаны да, рұқсат етілгені де тексеру жұмыстарымен айналысуда.

«Мәсімовке, Келімбетовке 1 айдың ішінде бизнеске, іскер адамдарға толық еркіндік беретін шешімді қабылдауға жеке тапсырма беремін. Осы мәселені шешуге бағытталған кез келген ұсынысты қолдауға әзірмін.

Елбасының атап өтуінше, мемлекеттік органдардың заңнамада көрсетілмеген қызметтерді атқаруына түбегейлі шектеу қою қажет.

Соңғы жаңалықтар
Референдум