Қ.Саудабаев пен АҚШ президентінің арнайы көмекшісі М.Макфол Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ортақ күш-жігердің маңыздылығын атап өтті

СТАНА. Мамырдың 7-і. ҚазАқпарат - Астанада мамырдың 7-і күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев АҚШ президентінің арнайы көмекшісі Майкл Макфолмен кездесу өткізді.
None
None

Сұхбаттасушылар қазақстан-американ арасындағы стратегиялық серіктестіктің одан арғы кеңеюі мен нығаюына екі елдің мүдделілігін қуаттады, жақында Қазақстан мен АҚШ президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Барак Обаманың Вашингтонда өткен келіссөздері оған қуатты серпін бергенін атап өтті, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Қ.Саудабаев пен М.Макфол екіжақты және көпжақты форматтағы ықпалдастықтың жоғарғы деңгейде қол жеткізген уағдаластықтарының жүзеге асырылуы барысын қарады. Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және Ауғанстандағы тұрақтылықты орнатудағы ортақ күш-жігердің маңызы аталып өтілді.

М.Макфол Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа АҚШ және Ресей басшыларымен бірлесе отырып Қырғызстандағы жағдайдың тұрақталуына жұмсаған күш-жігері үшін айрықша ризашылығын білдірді. Сұхбаттасушылар екі жақты негізде, сондай-ақ ЕҚЫҰ аясында заң мен тәртіпті орнату, конституциялық реформаларды жүргізу, Қырғызстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайын шешуде Астана мен Вашингтонның одан әрі ықпал етуді жақтайтынын қуаттады.

ЕҚЫҰ аясындағы өзара іс-қимылға тоқтала отырып, сұхбаттасушылар Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ұйымның осы жылы Астанада өткізгелі отырған саммитіне дайындық және оны өткізу мәселелерін талқылады.

Соңғы жаңалықтар