Қ. Саудабаев пен Р.Отынбаева ҚР Президенті Н.Назарбаев ұсынған Қырғызстанның экономикасын қалпына келтіру бағдарламасының жүзеге асырылуын талқылады
Сұхбаттасушылар ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың достық қарым-қатынастағы мемлекет үшін ұсынылған Қырғызстанның экономикасын қалпына келтіру бағдарламасының жүзеге асырылуын талқылады.
Әңгіме барысында Қырғызстанның қазіргі жағдайына, осы елде қазанның 10-ы күні болатын парламенттік сайлауға дайындық мәселелеріне ерекше назар бөлінді.
Тараптар БҰҰ мен ЕО-ның арнайы мамандары Мирослав Енчей және Пьер Морелмен бірге Қырғызстан Республикасының басшылығымен бұл елге халықаралық қауымдастық тарапынан ары қарай көрсетілетін көмек бағыттары туралы жан-жақты кеңес беру шараларын өткізетін ЕҚЫҰ Іс басындағы төрағасының арнайы өкілі, ҚР Парламент Мәжілісінің вице-спикері Жәнібек Кәрібжановтың келесі аптада Бішкекке баратындығы туралы келісімге қол жеткізді.