Қ.Саудабаевтың Нью-Йорктегі келіссөздері: күн тәртібінде - ЕҚЫҰ Саммиті мен ҚР-ның ИКҰ-ға төрағалығы
деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Ж.М.Баррозу Еуропалық Одақтың ҚР Президентінің қазан айында Брюссельге жасайтын сапарына ерекше назар бөлетіндігін атап өтті. Ж.М.Баррозу сондай-ақ Еуропалық Одақтың ЕҚЫҰ Саммитінің өткізілуіне барлық күш-жігерін жұмсауға дайын екендігін растады.
Сонымен қатар, Нью-Йоркте Қ.Саудабаевтың Испанияның сыртқы істер министрі Мигел Анхел Моратиноспен,Италияның сыртқы істер министрі Франко Фраттинимен,Босния және Герцеговинаның сыртқы істер министрі Свен Алкалаймен, Черногория сыртқы істер министрі Милан Роченмен және Хорватияның сырты істер министрі Гордан Яндроковичпен келіссөздер өткізді. Сұхбаттасушылар Қазақстан елордасында желтоқсанның 1-2-сі күні өтетін ЕҚЫҰ Саммитіне дайындық барысын талқылады.
Сол күні Қ.Саудабаев Үндістанның сыртқы істер министрі Марти Наталегавамен кездесіп, кездесу барысында Қазақстанның алдағы 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалығының басым бағыттары талқыға түсті.