Қ.Саудабаевтың украиналық саясаткерлермен болатын келіссөздерінің күнтәртібіне Приднестр проблемасын реттеу мәселесі енгізіліп отыр - ҚР Айрықша тапсырмалар жөніндегі елшісі

ИЕВ. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - ЕҚЫҰ-ның Қазіргі төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың украиналық саясаткерлермен болатын келіссөздерінің күнтәртібіне Приднестр проблемасын реттеу мәселесі де енгізіліп отыр.
None
None

Бұл туралы Киевте ҚР Айрықша тапсырмалар жөніндегі елшісі Ержан Ашықбаев мәлім етті.

Дипломат өз сөзінде «Украинаның Приднестр проблемасын реттеудегі маңызды тараптардың бірі болып табылатынын, және бүгінгі келіссөздер барысында осы мәселе бойынша ресми Киевтің пікірі мен ұсыныстары жария етілетінін» атап көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, Қанат Саудабаев Киевте сапармен жүр. Сапар аясында оның Украина Президенті Виктор Януковичпен, Жоғарғы Рада спикері Владимир Литвинмен, ел премьер-министрі Николай Азаровпен кездесулері жоспарланған.

Тирасполь мен Кишиневтің арасындағы дау-дамай 1990 жылдан бері жалғасып келеді. Приднестр проблемасын реттеу жөніндегі консультациялар қазіргі таңда «5+2» келіссөз форматында (Молдова, Приднестр, арағайындар - Ресей, Украина, ЕҚЫҰ және байқаушы тараптар - АҚШ пен Еуроодақ) жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар