Қ.Тұрғанқұлов Азиялық сайлау органдары қауымдастығы отырысына қатысуда

АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Үндістанның Нью-Дели қаласында кеше басталған Азиялық сайлау органдары қауымдастығы (АСОА) Атқарушы комитетінің отырысына қатысуда.
None
None

ОСК баспасөз қызметінің хабарлауынша, АСОА Атқарушы комитетіне Корея Республикасы, Үндістан. Тайвань және Филиппин Республикасы мүше болып табылады. Атқарушы комитеттің құрамы тең географиялық өкілдік ұстанымы негізінде қалыптастырылады. ҚР ОСК Орталық Азия өңірінен өкіл ретінде сайланған.
Атқарушы комитеттің Нью-Делиде ашылған отырысы Бас Ассамблея мен АСОА-ның қызметіне қатысты көптеген маңызды сұрақтарды талқылауды және шешімдер қабылдауды мақсат тұтады. Сондай-ақ отырыстың күн тәртібі бірқатар ұйымдастыру сұрақтарын қамтиды. Оның ішінде АСОА-ның Атқарушы хатшысын тағайындау, Атқарушы комитеттің 2013 жылғы кезекті отырысын қабылдайтын елді анықтау, Қауымдастықтың хатшылығын құру және оны тұрақты жерде орналастыру мәселелерін қарау көзделген. Сонымен қатар АСОА-ның веб-сайтын ашу және АСОА-ға мүше елдер арасындағы ақпарат алмасуды күшейту жолдарын іздестіру қарастырылмақ.
Қазақстандық делегация АСОА-ның Атқарушы комитетінің мәжілісіне осы халықаралық ұйымның қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған нақтылы ұсыныстармен барды. Бұл мәселелер  туралы Қ.Тұрғанқұлов өз баяндамасында айтатын болады.

Соңғы жаңалықтар