Кабулдағы жарылыстан тоғыз адам мерт болды

АСТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат - Ауғанстан астанасының орталығында бүгін, ақпанның 26-сында болған қатты жарылыс құрбандарының саны өсе түсуде.
None
None

Нақтыланған деректер бойынша тоғыз адам мерт болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.Ру сайтына сілтеме жасап.

Полицейлер ірі сауда орталығының жанында болған жарылысты жанкешті жүзеге асырғанын хабарлады. Куәгерлердің айтуынша, жарылыстан кейін атылған оқ дауысы естілген.

Соңғы жаңалықтар