Каирдегі ҚР Елшілігі Қазақстан Конституциясына 15 жыл толуына орай қабылдау ұйымдастырды
деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Жиналған қауымның алдында сөз сөйлеген Қазақстан Елшісі Бахтияр Тасымов Ата заңымыздың 1995 жылы тамыздың 30-ында жалпыхалықтық референдумда қабылдану тарихы туралы әңгімелеп берді.
Елші өз сөзінде атап көрсеткендей, Конституцияның негізінде өмірдің барлық саласында іргелі реформалар жүргізілгенін және бүгінде Қазақстанның посткеңестік кеңістіктегі көшбасшы елдердің бірі екенін, сондай-ақ оның жоғарғы құндылықтары адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығы болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрып жатқанын атап көрсетті.
Тамыздың 31-інде өткізілген аталмыш іс-шара барысында қатысушыларға тамыздың 30-ында Астанада өткізілген әскери шеру туралы деректі фильмдер көрсетіліп, Қазақстанның қазіргі әлеуметтік-экономикалық өмірі туралы мағлұмат берілді.
Іс-шараға Мысырдың қоғам қайраткерлері, Араб Елдері Лигасының, БАР Конституциялық сотының және танымал БАҚ өкілдері қатысты.