«Кальян туралы шындық» ұлттық науқанына Василий Левит қолдау білдірді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігінің қолдауымен және «Темекі түтінінен азат Қазақстан үшін» ұлттық коалициясының бастамасымен Қазақстанда «Кальян туралы шындық» / Noshisha.kz ұлттық науқаны басталды.
None
None

Идея авторлары және қазақстандық жұлдыздар, Олимпиада жүлдегері Василий Левит, әнші Сон Паскаль, Гүлнара Сильбаева, альпинист, әлемдегі 8-мыңдықтарды бағындырған Мақсұт Жұмаев әлеуметтік желідегі өз парақшаларына кальянның  зиянсыздығы туралы мифті жоққа шығаратын www.noshisha.kz сайтын жарнамалап, кино-роликтер жүктеуде. Жобаның барлық кейіпкерлері қатысқан тизер жақында ғаламторда пайда болады.

 Noshisha.kz бұл посткеңестік елдер арасындағы алғашқы және баламасы жоқ ақпараттық алаң, онда кальян темекісінің құрамы, кальян шайымынан табылған инфекциялар туралы ғылыми дәлелдер мен фактілер және халықаралық зерттеу қорытындылары келтірілген.

Жылына 3% астам ұлғаятын кальян індетінің өршуінен www.noshisha.kz сайтын құру қажеттілігі туындады.

«Кальян туралы білім көкжиегін кеңейту қажет және «ЗИЯНСЫЗДЫҚ» деген мифті сейілту керек. Кальян - аса қауіпті, бұл індеттің ұясы және түрлі улар мен никотиннің көзі. www.noshisha.kz ақпараттық алаңын құру үшін түрлі халықаралық дереккөздерден, журналдардан мәліметтер жинадық, Бүкіләлемдік  денсаулық сақтау ұйымының еуропалық және арабиялық кеңселерімен хат жазыстық, ағылшын тіліндегі ғылыми  мақалалар мен кальян туралы жарияланымдарды аудардық.  2014 жылы Абу-Дабиде өткен кальян туралы жалғыз конференцияның көрсетілімдерін алдық. Біз қазақстандық және халықаралық дереккөздерді бір сайта шоғырландырдық.  Сайтта посттардан бөлек, сарапшылардың (пульмонолог, психотерапевт, санитарлық дәрігерлер) бейнесұхбаттары да бар және олар жаңартылып отырады. Жобаға қолдау білдірген «жұлдыздарға» көп рахмет айтамыз. Фейсбук пен инстаграмдағы парақшаларымыздан біздің жаңалықтарымызды оқи жүріңіздер», - деді науқан авторы, Коалиция көшбасшысы Жәмилә Садықова.

Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасының Салауатты өмір салты орталығының конкурсы арқылы Алматы қаласының әкімдігі ақпараттық науқанға 3 миллион теңге бөлді. 

Соңғы жаңалықтар