Қала әкімі Екібастұз ардагерлеріне Жол картасының жүзеге асырылу барысы туралы әңгімелеп берді

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Екібастұз әкімі Нұрлан Нәбиев қалалық Ардагерлер кеңесімен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қала басшысы қарияларды бірқатар әлеуметтік нысандарды, жолдар мен көшелерді жөндеуге, жастардың тәжірибесін ұйымдастыруға және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселесін шешуге мүмкіндік беретін Жол картасының жүзеге асырылу барысымен таныстырды. Энергетиктер мен кеншілер қаласында Жол картасын жүзеге асыруға 1,9 миллиард теңге бөлініп отыр, ал жөндеу жұмыстарына 3 336 жұмысшы тартылады. Сондай-ақ қоғамдық жұмыстардың жалақысын 20,2 мың теңгеге дейін арттыру қарастырылған. Жұмыссыздарды қайта мамандандыру ісі бойынша ұйымдастырылатын мамандықтардың тізімін кеңейту жоспарланып отыр.
Соңғы жаңалықтар