Қала әкімі кәсіпорындар және азық-түлік, өндірістік тауарларды жеткізуші компаниялармен меморандумға қол қойды

АҚТАУ. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Ақтау қаласының әкімі С. Бекбергенов 14 кәсіпорын және азық-түлік, өндірістік тауарларды жеткізуші мекемелермен меморандумға қол қойды.
None
None
Мақсат - бағаның қымбаттауына жол бермеуде өзара міндеттер бойынша келісімге келу, отандық өндірісті қолдауға атсалысу, сондай-ақ ҚР Үкіметінің тұрақтандыру бағдарламасына қатысуда жергілікті азық-түлік өндірістік тауарларды жеткізушілерге көмектесу, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Меморандумға өндіріспен және шұжық, кондитерлік, ет, сүт өнімдерін жеткізумен айналысатын облыстағы ірі кәсіпорындар мен Ақтаудағы жетекші супермаркеттер басшылары қол қойды. 2009 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Ақтау қаласында шағын және орта кәсіпкерліктің 21 мың 834 субьектісі тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,3 пайызға артық. Биыл жыл басындағы мәлімет бойынша шағын кәсіпорындар 51.4 млрд теңгенің тауарын өндіріп, қызметін көрсеткен. Бұл 2008 жылмен салыстырғанда 4,4 пайызға көп. Осы жылы шағын және орта кәсіпорындарға жұмысқа тартылғандар саны ? 40 мың 839 адамды құрады.
Соңғы жаңалықтар