18:21, 02 Маусым 2009 | GMT +5
Қала басшысы дарынды балалармен кездесті
ОРАЛ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласының әкімі Самиғолла Оразов дарынды балалармен кездесті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Олардың арасында облыстық, республикалық пәндік олимпиадаларда, спорт және өнер жарыстарында озып шыққандар болды. Қала басшысы жастығына қарамастан, үлкен табыстарға қол жеткізген жеткіншектерге ризашылық білдіріп, алдағы өмірлеріне ақ жол тіледі.
Қала әкімімен кездескен оқушылардың бәрі де бір апта бойы Астанада болып, елорданың көрікті жерлерімен танысып қайтпақ.