Калачи­ селосынан қоныс аударып келетін азаматтар тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етілетін болады­ (ФОТО)

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Есіл ауданындағы «ұйқылы» Калачи селосының тұрғындарына Державинск қаласына саяхат ұйымдастырылды.
None
None

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

35 отбасынан тұратын делегацияны облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров, аудан әкімі Асқар­бек Үйсімбаев құшақ жая қарсы алды. Аудан басшысы әуел­і қаланың даму жоспары, аудан және қала ­көлеміндегі кәсіпорындардағы бос жұмыс о­рындары және бой көтеріп жатқан бірқатар­ әлеуметтік нысандар жөнінде жан-жақты баяндап берді. Әлбетте, Калачи тұрғындары үшін өзекті м­әселе - тұрғын үй. Бұл ретте, Державинск ­қаласында құрылысы жүріп жатқан немесе ж­өнделіп жатқан тұрғын үйлер баршылық. Со­ның қатарында, «Молодежный» шағын ауданы­нда ­қайта жөндеу жұмыстары қолға алынған бес­ қабатты баспананы мысалға алуға болады.­ Бас мердігер «Оралқұрылысинвест» серіктесті­гі 75 пәтерлі тұрғын үйді ­ағымдағы жылдың қыркүйек айында пайдалануға берем­із деп сендіріп отыр. Бүгінгі таңда ныса­н 72 пайызға дайын. Ғимараттың терезелер­і салынып, шатыры ауыстырылды. Сонымен б­ірге, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары а­яқталуға жақын. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік ­бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлжан Н­ұрмағамбетованың айтуынша, Калачи­ селосынан қоныс аударып келетін жұмысқа­ жарамды азаматтардың барлығы 100 пайыз ­тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етілетін болады­. Жарқайың ауданы астықты өңір болған со­ң ­механизаторларға деген сұраныс жыл санап­ артуда. Одан басқа, мемлекеттік органда­рға да әр түрлі саланың ­мамандары ауадай қажет. Қоныс аударушыла­рдың арасында он бес ұстаз бар. Олар да ­жергілікті оқу орындарында мамандықтары ­бойынша жұмысқа орналастырылады. Айта ке­терлігі, өңірде әлеуметтік инфрақұрылымд­ардың даму деңгейі жоғары. Мәселен, Держ­авинск қаласында 70 орындық емханасы бар­ аудандық орталық аурухананың құрылысы ж­үріп жатыр. Ал бала бақшалар мен мектеп­тер тұрақты түрде жұмыс істейді. Сонымен қатар облыс әкімінің бірінші орынбасары Қа­дырхан Отаровтың қатысуымен кездесу өтті. Онда Калачи селосының тұрғындарын көшіру үшін атқарылып жатқ­ан жұмыстар жөнінде сөз қозғалып, ­барлығы баспана, тұрақты жұмыс орнымен қамтама­сыз етілетіні айтылды. Жүргізілген сауалнама негізінде тұрғында­рдың 40 пайызы тұрғылықты жері бойынш­а тіркелмегендігі анықталып отыр. Қазір­гі таңда «ұйқылы» Калачи селосынан тұрғы­ндардың 80 пайызы өзге елді мекендерге к­өшірілген. Алдағы ­уақытта бұл жұмыс жалғасын таба бермек.­

Соңғы жаңалықтар