Калачиде тағы да бір ересек пен үш бала «ұйқы ауруынан» зардап шекті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Калачи селосында тағы да бір ересек пен үш бала «ұйқы ауруынан» зардап шекті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне аудандық аурухана дәрігерлері хабарлады.
None
None

Дәрігерлердің айтуынша, кеше Есіл аудандық ауруханасына құпия дертке ұшырады деген күдікпен Калачи селосының тұрғыны ер адам түскен болатын. Бүгін тағы үш бала жеткізілді.

«Бұл жолғы үш бала да бір отбасынан және үшеуіне де дәрігерлер «түсініксіз этиология энцефалопатиясы» деген диагноз қойып отыр. Қазіргі кезде балалар дәрігерлердің бақылауына алынып, тиісті ем-дом қабылдап жатыр», - дейді аудандық аурухана дәрігері.

Еске сала кетсек, өткен жолы қарашаның 14-17 аралығында 8 бірдей адам құпия аурумен науқастанып қалған болатын. Сол кезде науқастардың барлығына тиісті деңгейде медициналық көмек көрсетіліп, сауыққаннан кейін үйлеріне жіберілген еді.

Соңғы жаңалықтар