Қалдықтарды заңсыз орналастырғаны үшін «ҚПО б.в.» компаниясына 30 млн. теңге айыппұл салынды - БҚО

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бөрлі ауданы прокуратурасы жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманың орындалуын қадағалау барысында Қарашығанақ кенішіндегі ұңғымалардың бірінде 64,22 тонна сұйық қалдықтың жер «қоймаларында» заңсыз орналастырылғандығын анықтады.
None
None

Бөрлі ауданы прокурорының орынбасары Нұрлыбек Мұсағалиевтің айтуынша, сөйтіп «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» («ҚПО б.в.») компаниясының қызметкерлері жобалық құжаттамаға сәйкес қауіпсіздік және қалдықтарды жою шараларын алмаған.

Аудан прокурорының ұсынымына сәйкес БҚО экология департаменті компанияға 30 млн. теңге көлемінде айыппұл салды, қазір ол өндірілу үстінде. Оған қоса аталған дерек бойынша ҚР ҚК 333-бабы 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол тергеу жүргізу үшін аудандық ішкі істер бөліміне жіберілді.

Соңғы жаңалықтар