17:51, 11 Тамыз 2010 | GMT +5
Қамбаш көлінің жағасы тынығу орнына айналып жатыр
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда облысы Арал ауданының жеріндегі Қамбаш көлінің жағасы тынығуға таптырмайтын жайлы мекен.

Осы құтты қонысты тынығу орнына айналдыру аралдықтардың көптен бергі мақсатты жұмыстарының бірі еді. Жақында сол мақсатқа жетудің алғы жұмыстары қолға алынды.
«Торжынбай төре» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұсынған бұл бағыттағы жобаның құны 15,1 млн. теңгені құрайды. Жоба 3 жыл мерзімде жүзеге асырылмақшы. Қазірдің өзінде мұнда баспаналар тұрғызылып, осынау игі іске алғашқы қадамдар жасалуда.