Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі қызметті ең беделді қызметтің біріне айналдырамыз - Жамбыл ІІД бастығы

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі қызметті полиция қызметкерлерінің арасындағы ең беделді,
None
None

ең таңдаулы қызметтің біріне айналдырамыз. Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінде бүгін, қазанның 4-інде өткен кеңесте ведомство басшысы, полиция полковнигі Бекет Аймағамбетов осындай мәлімдеме жасады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жақында Таразға жасаған сапарының барысында алғашқы кездесуін департаменттің жеке құрамымен өткізген болатын. «Мемлекет басшысы сол кездесуде аймақтағы қылмыстық ахуалдың жағдайы туралы сауал қойып, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекция қызметкерлеріне арналған жаңа форманың үлгілеріне оң баға берген еді», деп мәлім етті департамент бастығы өз сөзінде.

Полковник сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлардың негізгі жалақыларына 10 мың теңге үстеме ақы қосылғанын айтып өтті.

Соңғы жаңалықтар