16:19, 31 Шілде 2012 | GMT +5
Кәмелеттік жасқа толмаған бұзақылар «ізі суымай» ұсталды - Павлодар облысы
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 31 шілде. ҚазАқпарат - Полиция қызметкерлері павлодардық мектеп-интернаттың оқушысын және кәсіби лицейдің бірінші курс студентін көлікті айдап кету күдігі бойынша қолға түсірді, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметі.

Ақсу қаласының полициясына жергілікті тұрғын шағымданған. Оның айтуынша, 28 шілдеге қараған түні үйінің ауласынан «ВАЗ-2106» көлігі ұрланған. Полиция тез арада «ізін суытпай» күдіктілерді анықтап, көлікті өз иесіне қайтарды.
Қылмыстық іс қозғалды, 16 және 17 жастардағы екі бозбаладан ешқайда кетпеу жөнінде қолхат алынды.