18:50, 25 Ақпан 2010 | GMT +5
Канадалық бобслейшілер Ванкуверде екі медальді жеңіп алды
АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат - Бобслейден әйелдер жұп-экипаждары арасында жарысқа түскен канадалық спортшылар Ванкуверде өтіп жатқан XXI қысқы Олимпиадада алтын және күміс жүлделердің иегерлері атанды.
Кэйлли Хамфрис пен Хизер Мойс төрт рет өнер көрсетудің жиынтығы бойынша үздік нәтижеге қол жеткізді (үш минут және 32,28 секунд), ал олардың отандастары Хелен Аппертон мен Эшли-Энн Браун чемпион қыздардан 0,85 секундқа есе жіберіп, екінші орынды иеленді. Көш басындағы экипаждан 1,12 секундқа ұтылған американдық жұп - Эрин Пэк пен Элана Майерс үшінші орынды місе тұтты.