19:49, 26 Ақпан 2010 | GMT +5
Канадалық хоккейші қыздар Ванкуверде олимпиада чемпионы атанды
АСТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат - Ванкувердегі Олимпиада-2010 ойындарда әйелдер хоккей турнирі аяқталды. Канада құрамасы қысқы Олимпиада ойындарында алтын медальды ұтып алды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Финалдық матчта канадалық қыздар АҚШ-тың командасынан 2:0 есебімен басым түсті. Американдықтардың қақпасына салынған екі голдың да авторы Мари-Филип Пулен болды.
Мұның алдында үшінші орын үшін матчта Швеция командасын ұтқан Финляндия хоккейшілері олимпиадалық қола медальды жеңіп алған болатын.