Канадалық маман «Үкімет азаматтар үшін» мемкорпорациясы директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі болуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік басқару саласындағы канадалық үздік мамандардың бірі Николь Барбью Қазақстандағы «Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясы директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі болуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Астанадағы баспасөз мәслихатында Қазақстанның Канада мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Константин Жигалов мәлім етті.
None
None

«Биыл Канададағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Майра Айсинаның басшылығымен қазақстандық жұмыс тобының сапары өтті. Бізге «Service Canada» атты канадалық қызметтің тәжірибесі өте қызықты болып отыр. Осы қызметтің негізінде «Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясы жұмысын құрғымыз келеді. Бұл ұйымға директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі ретінде канадалық Николь Барбьюдің ұсынылуы кездейсоқ емес. Ол мемлекеттік басқару саласында канадалық үздік мамандардың бірі болып табылады. Қазіргі кезде ол осы маңызды қызметке келісуі үшін келіссөздер жүріп жатыр», - дейді Елші.

Соңғы жаңалықтар