Қанат Ислам: Байқа, қара бала!

Кеше Алматыға келген Патрик Аллотей бүгін журналистер алдында: «Мен мұнда ойнауға келгенім жоқ, Қанатты жеңіп, белдігін алып кетуге келдім», - деді.
Бұған қатысты баспасөз мәслихатында сөз кезегін алған Қанат Ислам: «Байқа, қара бала!» деп әзілдеді.
«Жалпы, Аллотей - өте мықты спортшы. Бұл жекпе-жектің жауапкершілігі жоғары. Елім назар салып отырғанда бұл маған үлкен сын болғалы тұр», - деді Қанат Ислам.
Еске сала кетейік, 29 қазанда Алматыда «Алматы арена» спорт кешенінде Қанат Ислам мен Патрик Аллотейдің жекпе-жегі өтеді. Қанат Ислам өзінің «WBA fedelatin» чемпиондық белбеуін қорғап, жартылай орта салмақта «WBO intercontinental» тұжырымының чемпиондық белбеуі мен «UBC» тұжырымының әлем чемпионы атығы үшін жұдырықтасады.
Қанат Исламның қарсыласы Патрик Аллотей мен командасы 20 қазан Алматыға келді.