Қанат Саудабаев БҰҰ Адам құқығы жөніндегі кеңесінің 13-ші сессиясына қатысады
Бұл туралы бүгін елордада өткен апталық брифингте аталған ведомствоның ресми өкілі Асқар Әбдірахманов айтты.
«Сессия аясында еліміздің сыртқы істер ведомствосы басшысы БҰҰ Адам құқығы жөніндегі жоғары комиссары Наванетем Пиллай ханыммен кездеседі деп күтілуде. Жүздесу барысында тараптар Қазақстанның әлемнің түрлі мемлекеттерінде адам құқығының сақталуына мониторинг жүргізетін халықаралық құрылымдармен тиімді өзара іс-әрекеттесуі мәселелері талқыланбақ», деді өз сөзінде министрліктің ресми өкілі.
Ал БҰҰ-ның қарусыздану жөніндегі конференциясының жұмысына еліміз 1999 жылдан бастап қатысып келеді. А.Әбдірахмановтың атап өтуінше, ағымдағы жылы оның жұмысына 60-тан астам мемлекеттің жоғары мәртебелі өкілдері мен бірқатар беделді халықаралық ұйымдардың басшылары арнайы шақырылған.