Қанат Саудабаев Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті
деп хабарлады сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметінен.
Екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін талқылаған әңгімелесуші тараптар, оның жоғары динамикасы мен тиімділігін атап көрсетті. Сондай-ақ, бүгінде беделді халықаралық құрылымдарға айналып отырған Шанхай ынтымақтастығы ұйымы мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің аясындағы екі елдің өзара іс-қимыл мәселелерін сөз етті.
Екі елдің сыртқы саясат министрлері сондай-ақ, Қазақстан Президенті Н.Назарбев пен Қытай Төрағасы Ху Цзиньтаоның арасындағы дәстүрге айналған тұрақты кездесулер мен сапарлардың қазақстан-қытай ынтымақтастығына қуатты серпін беріп отырғанын ерекше атап өтті және өткен жылдың желтоқсан айында Астанада екі ел басшыларының арасында қол жеткізілген келісімдерді толық жүзеге асыруға бар күш-жігер салынатынын қуаттады.