«Қанатты әйел-3» - қазақ әйелдерінің қолынан шыққан тауарлардың Павлодардағы жәрмеңкесі

АВЛОДАР. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Қазанның 8-і күні Павлодардағы «Астана» мұз айдынында әйелдердің қолынан шыққан тауарлар мен жаңа идеялардың «Қанатты әйел-3» атты республикалық жәрмеңкесі ашылады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
None
None

Елдің барлық аумағынан келетін 180 іскер арулар мен қолөнершілер өз туындыларын жәрмеңкеге қойып, ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне гендерлік теңдіктің қазақстандық үлгісінің қалай дамып келе жатқандығы туралы айтып береді деп жоспарлануда.

Жәрмеңке жұмысына Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, Парламент Сенатының депутаттары, дипломатиялық корпус, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен республикадағы саяси партиялардың көшбасшылары қатысатын болады.

Соңғы жаңалықтар