Қандай да бір бірлестіктер еліміз егемендігіне қысым жасаса, біз ол ұйымнан шығатын боламыз - Президент

АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Қандай да бір ұйым біздің еліміздің егемендігіне кесірін тигізетін болса, біз дереу оны тастап шығамыз.
None
None

Бүгін Астанада өз жұмысын бастаған Еуразия медиа форумында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

«Қазақстан өзінің жүздеген жылғы тарихында алғаш рет тәуелсіздікке қол жеткізіп отыр. Біздің халқымыз замандардан бергі тарихында тұңғыш рет бостандықтың, еркіндік пен тәуелсіздіктің дәмін татты. Біз бұл тәуелсіздікті ештеңемен айырбастай да, ешкімге беріп те қоя алмаймыз. Егер қандай да бір бірлестіктер біздің еліміздің тәуелсіздігіне, біздің Ата заңымызға кесірін тигізетін болса, біз дереу ол ұйымнан шығатын боламыз. Барша халық та солай ойлайды деп сенемін», - деді Н. Назарбаев өз сөзінде.

Бұл ретте Мемлекет басшысы мәселе таза экономикалық ықпалдастық тұрғысында болып отырғанына тоқталды. «Бұл әлемде бар үдеріс. Соңғы ең көрнекі мысал - бұл Еуропалық одақ. Алайда, біз соның өзінде көптеген кемшіліктер мен олқылықтарды байқап отырмыз. Ал бірлестік құру барысында біз ондай кемшіліктерге жол бермейміз», - деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар