Қаңтар-наурызда ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 206,9 млрд. теңгені құрады - Е.Досаев

АСТАНА. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Қаңтар-наурызда ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 206,9 млрд. теңгені құрады.
None
None

Бұл туралы бүгін 2013 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған ҚР Үкіметінің отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

«Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2013 жылғы қаңтар-наурызда 206,9 млрд. теңгені құрады және өткен жылдың деңгейінен 0,4 пайызға ұлғайды», - деді министр.

Оның атап өтуінше, өңірлік бөліністе ең жоғары өнім Ақмола облысында - 5,4, Шығыс Қазақстан облысында - 4,7, Қарағанды облысында - 3,7, Солтүстік Қазақстан облысында - 3,4, Павлодар облысында 2,9 пайыз деңгейінде байқалған.

«Ең көп төмендеу Қостанай, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында тіркелді», - деді Е.Досаев.

Соңғы жаңалықтар