Қаңтардан бастап құрылыс саласында мемлекеттік сатып алу жеңілдетіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап құрылыс саласында мемлекеттік сатып алу айтарлықтай жеңілдетіледі, деп хабарлайды ҚР  Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

ҚР қаржы министрінің бұйрығына сәйкес, жаңа жылдан бастап мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізіледі.

Негізінен Қағидаларға өзгерістер құрылыс саласындағы жұмыстарды мемлекеттік сатып алуға қатысты.

Құрылыс саласындағы сатып алуда жоғары бәсекелі ортаға қарамастан (бір конкурсқа 7-8 компания) 80% жағдайларда, сатып алу олардың өтінімдерін кейінге қалдыруға байланысты болмады деп танылды.  

"Құрылыс саласындағы сатып алу бойынша өтінімдерді жаппай қабылдамау себебі растау құжаттарының ақталмайтын санының берілуін талап ететін жобалау-сметалық құжаттамаға байланысты. 

Сонымен бірге құрылыс саласы лицензияланатын қызмет түрлеріне жатқызылады және оны алу кезінде тиісті материалдық және еңбек ресурстарының бар екенін растаған тиісті лицензиясы бар компаниялар ғана сатып алуға қатысады.

Осыған байланысты Қағидаларға рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнамаға сәйкес берілген тиісті лицензия құрылыс саласындағы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу жөніндегі материалдық және еңбек ресурстарына ие екенін растайтын құжат болып табылатынын белгілейтін өзгерістер енгізіледі.

Ұсынылып отырған түзетулер құрылыс саласында жұмыстарды мемлекеттік сатып алудың сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жеңілдету мен төмендету мақсатында енгізіледі", - делінген ведомоствоның хабарламасында.

Қаржы министрінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 739 бұйрығы және өзгерістердің салыстырма кестесі мемлекеттік сатып алувеб-порталында орналастырылды.

Соңғы жаңалықтар