Қапшағай қаласы мерейтойын атап өтуде

ТАЛДЫҚОРҒАН. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Бүгін Қапшағай қаласына 40 жыл толды. Осынау атаулы күнге орай орталық алаңда халық серуені өтуде.
None
None

Мерекелік шара қаланың негізін қалаған құрылысшыларға құрмет көрсетуден басталды. Ардагерлер мен қала қонақтары Дінмұхамед Қонаевтың ескерткішіне және алғашқы құрылысшылардың мемориалына гүл шоқтарын қойды. Қала жетістіктерімен, этномәдени бірлестіктердің көрмесімен және ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесімен танысты. Мерекелік сахнада балалардың өнер ұжымдары өнер көрсетті.

Мерейтой салтанатына Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов те қатысты. Бұл күні Қапшағайда мәдениет үйі ашылды. Жаңа нысанның тұсауын алғашқы құрылысшылар Кеңес Аухадиев пен Асқар Құлыбаев кесті. Мереке гала-концертпен және мерекелік отшашумен аяқталды.

1969 жылы шілденің 20-сында болашақ үлкен құрылыс орнында алғашқы құрылысшылардың митингі өтіп, сонда Дінмұхамед Қонаев Қапшағай су-электр стансасы іргетасының астына символикалық тақтайшаны орнатқан болатын. Ал 1970 жылы шілденің 20-сында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен, Алматы облысының Іле ауданындағы Новоилийск қаласы облысқа қарайтын қала санатына жатқызылып, оған Қапшағай қаласы деген атау берілген еді.

Бүгінде Қапшағай - миллиардтаған инвестиция тартылып отырған және инфрақұрылымы кең дамыған заманауи қала.

Соңғы жаңалықтар