12:51, 21 Сәуір 2014 | GMT +5
Қапшағай маңындағы жол-көлік апатынан екі адам қаза болды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - «Алматы-Өскемен» тас жолының 87 шақырымында жол-көлік апаты орын алды. Мұнда «Дэу Нексия» көлігі мен «Хово» жүк көлігі соқтығысып қалған.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, оқиға салдарынан жеңіл көліктің 49 жастағы жүргізушісі мен оның жолаушысы ажал құшты. Осы темір тұлпардың салонында болған түрлі дене жарақаттарын алған 20 жастағы жігіт Қапшағай ауруханасына жеткізілді.
Полиция қызметкерлері тергеуалды тексеру шараларын жүргізуде.
«Алдын ала болжам бойынша жол-көлік апатының орын алуына көлікті басқара алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен «Дэу Нексия» көлігінің жүргізушісі кінәлі», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.