Қапшағайда полицейлер екі адамды пышақтаған жергілікті тұрғынды «ізін суытпай» ұстады
Оқиға орнына полицейлермен бірге келген медициналық қызметкерлер екеуін ауруханаға жеткізіп, қажетті алғашқы көмекті көрсетті.
Жәбірленушілердің біріне жеті пышақ жарақаты салынды, екіншісінде төрт жарақат. Дәрігерлер көмегінің арқасында жәбірленген екі азаматтың жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда.
Қажетті ақпарат жиған тәртіп сақшылары «ізін суытпай» күдіктіні ұстады, ол Қапшағай қаласының 22 жастағы тұрғыны болып шықты.
Мәлім болғандай, ұсталған азамат жәбірленушілердің бірімен таныс болып шықты, олардың үстеліне қосылмақшы болғанда екеуімен дауласып қалады. Жанжал барысында қалтасынан пышағын алып шығып, қарсыластарына жарақаттар салған.
ҚР ҚК-нің 96 бабы (Адам өлтіруге оқталу) бойынша қозғалған қылмыстық істің материалдарына айғақ дәлел ретінде ұсталған азаматтың пышағы тәркіленді. Күдікті азамат қазіргі кезде қамауға алынды.