Қара металл сынығының жалған экспорты салдарынан бюджет 1,9 млрд. теңге жоғалтты

АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Кеден одағының аумағынан тыс жерлерде тарифтік преференциялар ұсынудың заңдылығына бақылау жүзеге аспай отыр. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде Үкіметтің 2012 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуына қорытынды жөнінде баяндама жасаған Есеп комитетінің төрағасы Аслан Мусин мәлім етті.
None
None

«Кеден одағы аясындағы кедендік заңнама нормаларының жетілмегені байқалады. Соның салдарынан Кеден одағының аумағынан тыс жерлерде тарифтік преференциялар ұсынудың заңдылығына бақылау шаралары жүзеге аспай отыр. Нәтижесінде қара металл сынығының жалған экспорты схемасын пайдалану салдарынан 1,9 млрд. теңге сомасында бюджет түсімдері орындалмай қалды», - дейді А. Мусин.

Соңғы жаңалықтар