Karachaganak Petroleum Operating (ҚПО) консорциумы басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ -Karachaganak Petroleum Operating (ҚПО) консорциумы басшыларына қатысты мұнайды бекітілген нормадан асыра өңдеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі тергеу департаменті бастығының орынбасары Дулат Байжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл қылмыстық іс өкілетті орган бекіткен нормадан мұнайды 1 млн. 100 мың тоннаға және конденсатты 94 мың тоннаға артық өндіруіне қатысты қозғалды. Оның құны 104 млрд. теңгені құрап отыр», деді Д. Байжанов.

ҚПО консорциумында басшылардың құрамы көп екенін жеткізген ол, «Консорциумға 4 шетелдік компания біріктірілген. Өздеріңіз білесіздер, онда ағылшындар, нидерландтар, американдықтар және 15 пайыз үлесте ЛукОйл бар. Сондықта, мұндағы әр компания өз үлесіне қарай жауап береді. Біз қазіргі кезде аталған шаруаны кім жүзеге асырғанын нақты білмейміз. Тергеу соңында консорциумдағы жүйе құраушы 4 компания басшыларының қайсы кінәлі екенін анықтаймыз», деді ол.

Айта кетейік, ҚПО консорциумы басшыларына қатысты қылмыстық іс 190-шы баптың 2-бөлімі бойынша қозғалған.

Д. Байжановтың сөзіне қарағанда, аталған қылмыстық іске байланысты нақты ақпарат 1 айдан кейін белгілі болмақ.

Соңғы жаңалықтар