Қарағандыда ескі үйдің шатырынан бетон плита құлады
ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM – Қарағанды қаласында Қазыбек би ауданы Дүйсембеков көшесіндегі 9 қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған тігін шеберханасының шатырынан плита құлады. Зардап шеккендер жоқ, алайда бұл жағдай ескі үйлердің қаупі мен шатырды тұрақты тексеріп отыру керектігі еске салып отыр.
1 қараша күні сағат 10:30-да Дүйсембеков көшесіндегі №2 үйдің шатырынан көлемі 120×50 см, салмағы 80 кг бетон плита құлап кетті. Оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару қызметі оқиға орнына барып, құлаған материалдардың барлығын жинастарды.
Алдын ала мәлімет бойынша төтенше жағдайға шатырдың ескіруі мен күтімнің жоқтығы себеп болған. Плита астына құйылған материалдар кеуіп, желдің күшімен шатырдың құлауына себеп болуы мүмкін.
- Біз ескі көпқабатты үйлерді тұрақты түрде тексеріп отырамыз. Қауіп анықталған жағдайда бірден реттеуге тырысамыз, - деді Қарағандының тұрғын үй инспекциясының өкілдері.
Инспекция мамандарының айтуынша, 2023 жылы дәл осы ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу үшін төрт үйден 419 плита алынған. ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 36-бабына сәйкес, шатыр, қасбет және парапет конструкциялары сияқты ортақ мүлікті күтіп ұстау жауапкершілігі пәтер иелеріне жүктеледі.
Қазіргі таңда мамандар плиталарының бекітілуін тексеріп жатыр, бұл ретте тұрғындардың қауіпсіздігі бас назарда болады.
Естеріңізге сала кетейік, 7 қарашада Павлодарда салынып жатқан мектеп ғимаратының бір бөлігі опырылып, бірнеше адам зардап шеккен еді. Ертеңінде құлаған мектеп ғимаратының астынан адамның денесі табылды.