Қарағанды әуежайы жабық - ИДМ

«Қарағанды қаласының әуежайы ауа райының қолайсыздығына байланысты 24 желтоқсан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 11-00-де жабылды. 24 желтоқсан күні таңертең жаңбырдан кейін ұшу-қону жолағын тексеру жүргізілді. 24 желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін қауіпсіздік мақсатында бірқатар ішкі және халықаралық рейстер кейінгі қалдырылды және өзгертілді», - делінген комитеттің Фейсбуктегі парақшасында жария етілген мәліметте.
Таратылған мәліметке қарағанда, ұшу-қон жолағындағы мұзды жою үшін 11 тонна реагент қолданылған.
«Қазіргі уақытта әуежайда қатқан мұзды қолмен жою үшін жеке құрам жұмылдырылды. Жауын-шашын мен қапталдан соққан жел жағдайды күрделендіре түсуде. Жолаушыларға өзінің әуе компаниясының байланыс телефондары арқылы рейстің жағдайын алдын ала анықтап алуға кеңес беріледі», - деді комитеттен.