Қарағанды әуежайында үш рейс тоқтатылды

 ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты «Сарыарқа» әуежайындағы барлық рейстер тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Қарағандыдан Алматыға ұшуы тиіс екі рейс тоқтатылған. Ал Қарағанды-Жезқазған рейсі 26 желтоқсанға (тәулік ішінде ұшырылады) шегерілген. Бұл нақты дата емес, себебі қар әлі жауып тұр.

Әуежайдан хабарлағандай, тоқтатылған рейстердің көптеген жолаушылары билеттерін кассаға қайтарған. Ал бір бөлігі әуекомпаниясының қаржысына қонақүйге жайғастырылды.

Еске сала кетейік, Қазақстанның 4 облысында жол көліктің барлық түрлері үшін жабық тұр. Олар: Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстары. Жедел қызмет өкілдері жоғары дайындық шебінде қызмет көрсетіп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар