«Қарағанды Инвест-2012» III-ші халықаралық инвестициялық форумы өтеді

АСТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - 21 қарашада «Қарағанды Инвест-2012» III-ші халықаралық инвестициялық форумы ашылады.
None
None

Бұл туралы бүгін елордада өткен брифинг барысында  ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникация қызметінің ресми  өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«Форумның басты мақсаты - қолайлы инвестициялық жағдайды жақсарту және Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық даму  мемлекеттік бағдарламасы аясында облыс экономикасына отандық және шетелдік инвестиция тартуды одан әрі ынталандыру», - деді ресми өкіл.

Ресми өкілдің айтуына қарағанда, форумда нақты инвестициялық жобаларды талқылау және облыстық кәсіпорындарының инвестициялық жобалары бойынша дерекқор алудың нақты мүмкіндігі ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар