Қарағанды қаласында жаңа жыл мерекесінде болған төбелесте жас жігіт қайтыс болды

АСТАНА. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласының диско-барларының бірінде жаңа жыл мерекесін тойлау барысында төбелес шығып, пышақ жарақатынан 24 жастағы жігіт қөз жұмды, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.
None
None

Тағы бір 23 жастағы жігіт пышақ жарақаттарымен аурханаға жеткізілген. Полицияның жедел-іздестіру шаралары барысында 19 жастағы күдікті ұсталды.

Оқиға 1 қаңтар күні шамамен 04.00 сағатта Менделеев көшесінде орналасқан көңіл көтеру орындарының бірінде болған. Анықталғанындай, одан екі сағат бұрын жас жігіттер арасында жанжал оты тұтанған. Төбелес кезінде күдікті өзінің досымен бірге жәбірленушілерге пышақ сұққан. Нәтижесінде екі соққы 24 жастағы жігіттің жүрек тұсына тиіп, алған жарақаттан ол сол жерде жантәсілім еткен.

Ұсталған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оның сыбайласының жеке тұлғасы анықталды. Оны ұстау бойынша шаралар жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар