Қарағанды қаласының прокуратурасы пәтер алаяқтығына байланысты 12 қылмыстық іс қозғады

Соған байланысты, Қарағанды қаласының прокуратурасы уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдар тарапынан тұрғын үй заңнамасы талаптарының сақталуын тұрақты бақылап отырады.
Мысалы, «Қарағанды қалалық тұрғын үй қоры басқармасы» КМК-да жүргізілген тексеріс барысында, осы кәсіпорын қызметінде орын алған көптеген заң бұзушылық деректері анықталған. Бұл кәсіпорын иесіз қалған үйлерді түгендеу және мемлекет пайдасына талап арыздар беру жұмысын жүргізуі тиіс болатын.
Тексеріс барысында, аталған кәсіпорын баланста тұрмаған және коммуналдық меншікке көшірілмеген пәтерлерді жалға беру бойынша заңсыз келісімшарттар жасағаны анықталған. Бұл өз кезегінде азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтірген. 2007 жылдан 2010 жылдың наурыз айы аралығында жалға беру бойынша 565 заңсыз келісім шарттар жасалған, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, кәсіпорын тұрғындарға жекешелендіру шарттарын жасау және т.б. бойынша ақылы қызмет көрсетіп, осы қызметтен табыс тапқан.
КМК-ның балансында өз тұрғын үйінің болмауына қарамастан, ол азаматтарға иелері тастап кеткен (иесіз) тұрғын үйлерді жалға беріп, аталған қызмет түрін табыс көзіне айналдырған.
Сонымен қатар, КМК қызметкерлері жалған сот шешімдерін тіркеуге беріп, пәтерді зерттеудің жалған актілерін жасаған.
Қала прокуратурасы тексеріс нәтижелері бойынша белгісіз тұлғаларға қатысты пәтер алаяқтығы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады және ол іс тергелу сатысында. Қала прокурорының ұсынысы бойынша КМК-ның кінәлі лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Пәтер алаяқтығының жиілеп кетуіне байланысты, қала прокуратурасына қарасты пәтер алаяқтығына қарсы күресетін жұмыс тобы құрылып, оның құрамына уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.
Қала прокуратурасы тексеріс материалдары бойынша жүргізілген жұмыс нәтижесінде пәтер алаяқтығына байланысты 12 қылмыстық іс қозғады. Бүгінгі күні 5 алаяқ сотталды, олардың 4-еуі бас бостандықтарынан нақты айыруға сотталды.
Қазақстан Республикасындағы 2008-2010 ж.ж. мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында ипотекалық тұрғын үйді бөлу де маңызды мәселелердің бірі.
Қала прокуратурасы «Қарағанды қаласы ТКШ, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-де тұрғын үйдің бөліну заңдылығына қатысты жүргізген тексерісі барысында, қолданыстағы заңнаманың талаптарын бұзудың көптеген деректерін анықтаған.
Тексеріс барысында Мемлекеттік бағдарлама аясында салынған үйлерден пәтерлер сату барысында коммерциялық құрылымдардың қызметкерлеріне заңсыз артықшылық көрсету деректері де анықталған.
Тексеріс нәтижелері бойынша прокурордың ұсынысы негізінде сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін 2 лауазымды тұлға, соның ішінде ТКШ бөлімінің бұрынғы басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Қала прокуратурасы Қазақстан Республикасындағы 2008-2010 ж.ж. мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында тұрғын үйді бөлудің жариялығы мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, ТКШ бөліміне қала әкімдігінің сайтына ипотекалық тұрғын үйді алуға үміткер тұлғалардың тізімін орналастыруды ұсынды. Аталған тізім www/Karaganda-akimat.kz. сайтында орналастырылған. Ипотекалық тұрғын үйді алу кезегін көру үшін, осы сайтқа кіру қажет.
Азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету әлеуметтік тұрғыда маңызды болғандықтан, бұл мәселе қала прокуратурасының тұрақты бақылауында.