10:59, 17 Сәуір 2013 | GMT +5
Қарағанды көшелерінде алименттен жалтарушылардың фотосуреттері пайда болды
АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласының сот орындаушылары сауда үйлер мен аялдамалар бойынша рейдтік іс-шаралар өткізіп, алимент төлеуден бой тасалап жүргендердің тізімін және фотосуреттерін ілді.
Бұл туралы Қарағанды облыстық сот актілерін орындау бойынша департаменттің баспасөз қызметінен хабарлады.
Аталмыш шараға БАҚ өкілдері куә болды. Сондай-ақ, департамент балалардың құқығын сақтаудың маңыздылығын халыққа түсіндіру үшін дін басылар, имамдар және балалар құқығын қорғау департаментінің өкілдері енген топты құрды.
Облыстық газетте «сұрақ-жауап» айдары ашылды. Онда алиментті өндіріп алу бойынша жауаптар ұсынылады.