Қарағанды мәшине жасаушылары «СемАЗ» компаниясымен бірлескен жоба туралы уағдаласты

ҚАРАҒАНДЫ. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда «Семей автомобиль құрастыру зауыты» ЖШС-мен бірлескен жобаны іске асыруды жоспарлауда.
None
None

Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, кеше осы мәселеге байланысты облыс әкімдігі, Орталық Қазақстан мәшине жасаушылар қауымдастығы және «СемАЗ» компаниясы арасында өзара ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол қойылды.

Меморандум Семейде құрастырылатын МТЗ-82.1 тракторларын жеткізіп беруді көздейді.

«Аймақаралық ынтымақтастық пен мәшине жасау саласын дамытуға, қазақстандық үлесті ұлғайтуға жаңа серпін беретінініне сенімдімін», - деп мәлімдеді Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов меморандумға қол қою рәсімінде.

Соңғы жаңалықтар