Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде 67 студент қосымша білім гранттарына ие болды
деп хабарлады оқу орнының баспасөз қызметінен.
Студенттерге салтанатты жағдайда мемлекеттік білім гранттары табыс етілді. Қосымша гранттардың иегерлері Үкімет қаулысына сәйкес Білім және ғылым министрлігі өткізген ашық конкурстың нәтижесінде анықталып отыр, деп еске салады университеттің баспасөз қызметіндегілер.
Студенттер мен олардың ата-аналары жас ұрпаққа көрсетіп отырған қолдауы үшін ел басшылығына алғыстарын білдіруде. «Жақсы оқуға деген талпыныстарымыздың бүгін лайықты бағасын алып отырғаны үшін рахмет», - дейді С07-5 тобының студенті Анастасия Бугаева.
Оқу орнының бірінші проректоры Аристотель Исағұлов қосымша грант иегерлерінің ақпан айынан бастап шәкіртақы ала бастайтыны туралы қуанышты хабар жеткізді. Ол сондай-ақ кезекті мұндай конкурстың ағымдағы жылдың жазында өтетінін еске салды.