Қарағанды облыстық ІІД-нің басшылығы ҰОС ардагерлерін мерекемен құттықтады

ҚАРАҒАНДЫ. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Қарағанды облыстық ІІД-нің басшылығы Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Ұлы Отан соғысының және ішкі істер органдары ардагерлерінің үйінде болды.
None
None

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім етті.

«Біздің ардагерлер саптың құрамында қала беруде және жас ұрпақтың тәрбиесімен айналысуда», - деп атап өтті Қарағанды облыстық ІІД-нің бастығы Мергенбай Жаппаров.

ІІД басшысы Мәскеудің Қызыл алаңындағы алғашқы парадқа қатысқан Масхап Түсіпбековты келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтады.

М.Түсіпбеков «Құрмет Белгісі» екі орденімен, «Отан соғысы» орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен, сондай-ақ өзге де үкіметтік наградалармен марапатталған.

ІІД басшылығы сондай-ақ Ұлы Отан соғысының ардагерлері Асылхан Омархановты және Кирилл Лысякты құттықтап, олардың барлығына кәдесыйларды табыс етті.

Соңғы жаңалықтар