Қарағанды облыстық соты аудандық және оларға теңестірілген соттарының судья лауазымына үміткерлердің тізімін жария етіп, азаматтарды осы тізімге қатысты өз пікірлерін білдіруді сұрады

ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облыстық соты аудандық және оларға теңестірілген соттарының судья лауазымына үміткерлердің тізімін жария етті.
None
None

Азаматтарға осы тізімде көрсетілген үміткерлерге қатысты өз пікірлерін айту ұсынылады. Бұл шаралар судьяларды таңдау процесін ашық әрі жариялы етуге мүмкіндік береді, дейді облыстық сот басшылығы.

Үміткерлер тізімінде 60 судья бар. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Жоғарғы сот кеңесі» Заңының 16-бабына сәйкес, үміткерлерді таңдау арнайы құрылған Кеңес арқылы ашықтықты және жариялықты қамтамасыз ете отырып жүзеге асырылады. Аудандық және оларға теңестірілген соттардың судья лауазымына таңдаудың негізгі өлшемдерінің бірі, жоғарғы білімділікті, моральдық, адамгершілік-ізгілік қасиеттеріне және ұжым арасындағы беделі болып табылады. Сонымен қатар мынандай тұлғаларға артықшылық беріледі; мамандандырылған магистратураға біліктілік емтиханын тапсырған болса, сот жүйесінің қызметін қамтамасыз ете отырып мемлекеттік қызметте заңгер мамандығы бойынша бес жылдан артық жұмыс өтілі бар болса, құқық қорғау және адвокатура саласы бойынша біліктілік емтиханын тапсырған жағдайда.
Жоғарыда көрсетілген талаптар шеңберінде тізімде көрсетілген үміткерлерге байланысты өздеріңіздің оң және қарсы пікірлеріңізді жолдауларыңызға болады», - делінген үндеуде.

Соңғы жаңалықтар