Қарағанды облыстық сотының төрағасы өзінің жеке блогын ашты
Жаңартылған сайт бетінде өңір соттарының жұмыстары туралы көптеген бөлімдер ашылып отыр. Оған қоса, облыстық сот төрағасы Ермек Серекбаев өзінің жеке блогын ашты.
«Қарым-қатынастың мұндай түрі өзара пайдалы деп ойлаймын, себебі бірлесіп шешетін өзекті мәселелер жеткілікті», деп атап көрсетті Е.Серекбаев өз сөзінде. Бұл бастаманың халықпен арадағы электрондық диалогты нығайтудың тағы бір қадамы екенін атап көрсеткен сот төрағасы, елімізде сот жүйесінің ашықтығын және жариялылығын қамтамасыз ету міндеті қойылғанын айтып өтті.
Е.Серекбаев мырза сондай-ақ, соттардың бұқаралық ақпарат құралдары үшін бұрынғыдан да ашыла түсетінін айтып сендірді. Осы мақсатта бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынас жөніндегі басқарма және баспасөз орталығы құрылып отыр.