11:34, 28 Сәуір 2013 | GMT +5
Қарағанды облысы Абай ауданының әкімі Беларусьқа жасаған іссапары кезінде мезгілсіз қайтыс болды
ҚАРАҒАНДЫ. 28 сәуір. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімі Еркебұлан Нашаров іссапармен Беларусь Республикасының Брест қаласында жүргенде мезгілсіз қайтыс болды, деп хабарлады облыстық әкімдіктен.

«Бресте іссапармен жүрген Е. Нашаров мезгілсіз қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, өлім себебі - жүрек талмасы», - деді облыс әкімдігінен.
Әкімнің Беларусьқа сапарының мақсаты ынтымақтастықты нығайту болатын.
«Бүгін оның денесі ұшақпен Қарағандыға жеткізіледі. Әкімді жерлеу рәсімі сейсенбі күні Абай қаласында өтеді», - деп атап өтті облыстық әкімдікте.
Е.Нашаров 60 жаста болатын. Абай ауданының әкімі қызметінде 2010 жылдың тамыз айынан бері жұмыс істеп келді. 20 жылдан астам уақыт Бұқар жырау ауданында ірі шаруашылықтарда басшылық қызметтер атқарды, бас зоотехниктен совхоз директорына дейін көтерілді. Облыстық және Бұқар жырау ауданының мәслихаттарына депутат болып сайланды. «Құрмет» орденімен марапатталған.