16:54, 13 Наурыз 2009 | GMT +5
Қарағанды облысы активінің отырысында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды
ҚАРАҒАНДЫ. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Бүгін Қарағанды облысының әкімдігінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында белгіленген тапсырмаларды жүзеге асыруға арналған актив отырысы болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оған мемлекеттік органдардың, бюджеттік және коммерциялық ұйымдардың басшылары мен жұртшілік өкілдері қатысты.«Активтің мақсаты ? Мемлекет басшысының Жолдауында берілген тапсырмаларын тиянақтау, оны еліміз болып жүзеге асыру барысындағы Қарағанды облысының орыны мен рөлін анықтау, сөйтіп жаңаруға және дамуға қол жеткізу», - деді облыс әкімі.
Аймақ басшысы облыстың экономикалық жағдайына талдау жасады. «Осы жылдың қаңтар айында өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 26,7 пайызға, құрылыс ? 36,7 пайызға қысқарды», - деген мәліметтерді келтірді ол. ? Егер, «АрселорМиттал Темиртау» компаниясының өніміне тапсырыс 301 тонна болса, қазіргі уақытта айына 246 тонна құрады. «Қазақмыс» корпорациясының өнімі де 8 600 доллардан 3 600 долларға дейін төмендеді. Осындай жағдай қалыптасып отырғанда, жұмыс орындары қысқаруы салдарынан 15 000-нан астам адам жұмыссыз қалуы мүмкін». Жұмыссыздар санын көбейтпеу үшін, аймақта еңбекпен қамтамасыз етудің шаралары қарастырылып жатыр.
«Мемлекет басшысының Жолдауы дағдарыс және дағдарыстан кейінгі жағдайда жұмыс жасаудың бағдарын көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар, әлемдік қауымдастық алдында Қазақстанның өз ұстанған жолын жүзеге асыруға жол ашады», - деп мәлімдеді баяндамасынынң соңында Н.Нығматуллин.