11:56, 08 Мамыр 2010 | GMT +5
Қарағанды облысы Ғ.Мұстафин ауылының тұрғындары өз қаражаттары есебінен Даңқ ескерткішін жөндеді
ҚАРАҒАНДЫ. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы Ғ.Мұстафин аулының тұрғындары Жеңіс күнін жаңартылған Даңқ ескерткішінің жанында қарсы алатын болады.
Ескерткіш жөндеуді қажет ететін еді, ауыл тұрғындары өз қаражаттарына ескерткішті жөндеді. «Мұстафиндықтар Кеңес ардагерлерінің сөзін жерге тастамады және де ортақ кассаға жөндеу жұмыстарына қажетті ақшаны табыстады. Мрамор тақтайшаларына жөндеу жұмыстары жүргізілді, ескерткіштегі Жеңіс ордені, сандар мен Қызыл жұлдыз жаңартылды», - деді ауыл әкімі Ахмет Мамалинов.
Ғ.Мұстафин ауылында бүгінгі таңда Ұлы Отан соғысының екі ардагері, тылдың 54 еңбеккері, фашистік лагердің 4 тұтқыны, соғысқа қатысушылар мен мүгедектерінің 15 жесірі тұрады.