15:00, 29 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Қарағанды облысы өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі бойынша республика бойынша төртінші орында тұр
ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі бойынша Қарағанды облысына республикада Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарынан кейінгі 4-орын тиесілі, деп хабарлайды облыстық статистика департаменті.
2010 жылғы қаңтар-тамызда облысымыздың өнеркәсіп кәсіпорындары 651,6 млрд. теңгеге өнім өндірді, бұл жалпы республикалық көлемнің 8,7%-ын құрайды. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі 2009 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 106,3%-ды құрады, оның ішінде тау-кен өнеркәсібінде және карьерлерді өңдеуде 123,6% (52,4 млрд. теңге), өңдеу өнеркәсібінде - 105,8% (536,0 млрд. теңге), электрмен қамту, газ және бу жіберу, және ауа баптау - 113,6% (55,6 млрд. теңге), кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау - 117,5% (7,6 млрд. теңге), деп хабарлайды облыстық статистика департаменті.